Образование
04.11.2025
«Ұлттық диктант»
2025 жылы 4 қарашада “Ефимовка негізгі мектебі” КММ жалпыреспубликалық мәдени-ағартушылық жоба – «Ұлттық диктант» іс-шарасы өткізілді. Бұл бастама мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге және ұлттық бірегейлік пен тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған.
Іс-шараға мектеп ұжымы белсене қатысып, өздерінің мемлекеттік тілдегі сауаттылық деңгейін сынап көрді.
Іс-шара соңында қатысушылар өз жұмыстарын тексеріп, бағалау критерийлерімен танысты.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік тілге деген құрметті арттырып, жазу мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосады.
